Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Бұл отырыста Парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау мәселесі қаралады.
Атап айтқанда, Парламент қызметіне қатысты бірнеше заңға өзгеріс енгізілген болатын. Биылғы референдум аясында Конституцияға Парламенттің қос палатасы – Мәжіліс пен Сенат арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар қарастырылған еді. Осы орайда Парламенттің жұмыс регламенті өзгеруі керек.
Бүгінгі жиынға депутаттық корпустан бөлек, Президент Әкімшілігі өкілдері және Әділет министрі Қанат Мусин келді.