Четверг, 28 ноября, 2024

Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды тоқ соқты

Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды тоқ соқты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлаған.

«Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың көтергіші электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», – деді департаментте.

Олардың екеуі 2002 жылы және біреуі 2000 жылы туған.

112 пультіне қоңырау сағат 09:28-де түскен. Оқиға орнында төрт құтқарушы, апаттар медицинасы орталығынан төрт қызметкер, 102 және 103 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған