Павлодар облысы Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында бұралқы иттер 80-нен астам қойды қырып тастады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған.
29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті, — деді Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.
Оның айтуынша, ветеринариялық станцияның қызметкерлері 2 итті ұстаған. Олар 10 күн бақылауда болады.
Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құтыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады, — дейді Ержан Ахметов.
Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады.