Четверг, 28 ноября, 2024

Павлодарда «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановтың құрметіне мурал пайда болды

Ертіс өңірінде «Халық қаһарманы» атанған өрт сөндіруші Мейіржан Аймановтың құрметіне мурал салынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мурал облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде пайда болды. Мейіржан Айманов 2021 жылдың тамызында Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде болған өттен екі әріптесіп құтқарып қалып, өзі көз жұмды. Осы қайғылы оқиғадан соң бейбіт өмірдің батырына ел Президентінің жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендері тапсырылды.

Еске алу шарасының дәл Павлодар облысында өткені жайдан жай емес. Мейіржан Көпбосынұлы 1995-1997 жылдар аралығында ІІМ-нің өңірдегі техникалық колледжінде білім алды.

Мейіржан қатарластарының алдында сыйлы болатын. Еңбекқор, салмақты адам еді. Өрт болса, бірінші болып баратын. Әскери бөлімде болған өртке шақырту кешке түскені есімде. Мен ағама жолда кетіп бара жатқанда хабарластым. Анам да қоңырау шалды. Әдеттегі, қатардағы оқиға деп ойлап едік. Бір сағаттан соң қатты жарылыс болғанын білдік. Ағама екінші мәрте хабарласып едім, байланыс аясынан тыс болды. Қала сыртында ұялы байланыс жоқ деген ойда болдық. Бірақ, бұл ағамның соңғы жұмыс күні болып шықты. Ол осы мамандықты жүрек қалауымен таңдады. Мейіржанның ерлігі – кіші офицерлік құрам, балалары мен жастарға үлгі, — дейді батырдың туысы Өміржан Айманов.

Мейіржан Аймановтың өмірі 45 жасында үзілді. Төтенше жағдайдар қызметіне 25 жылын арнапты. Бүгінде батырдың бес баласы мен бір немесі бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған