Понедельник, 25 ноября, 2024

Павлодарда өрт шыққан үйден 5 адам құтқарылды

Павлодарлық өрт сөндірушілер үш бірдей баланы жанып жатқан пәтердің ішінен алып шықты, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Ал денесін күйік шалған 36 жастағы ер адам мен 1995 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді. Олардың халі ауыр дейді құтқарушылар. Тілсіз жау өткен түні қаладағы төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан.

Павлодарлық өрт сөндірушілер үш бірдей баланы жанып жатқан пәтердің ішінен алып шықты.

«Өрт сөндірушілер жеткенше осы үйде тұратын 10 адам пәтерлерін тастап далаға шыққан. Ал жанып жатқан пәтер ішіндегі адамдардың әрекет жасауға дәрмені жетпеген. Қатты шошынған. Жалынды тұмшалауға 8 арнайы көлік, 34 адам жұмылдырылды. 1 сағаттың ішінде сөндірдік.» — деді Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі Берік Сәулебаев.

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған