Четверг, 28 ноября, 2024

Павлодарда жол апатынан екі жасөспірім қаза болды

Павлодар облысында жол апатынан 2 жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

13 маусым Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10 шақырымында 18 жасар ВАЗ-21703 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды.

Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған