Четверг, 28 ноября, 2024

Петропавлда қамыс өртеніп, 9 отбасы үйсіз қалды

7 мамыр күні кешке қарай Петропавл маңындағы қамыс өртенген, кейін желдің салдарынан жекеменшік үйлерген түскен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ресми мәліметке қарағанда, 9 үй өртенген, оның жетеуінде адам тұрып жатқан.

40 адамды эвакуациялаған. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті өрттің 21:55-те өшірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Петропавловск.news сайтының жазуынша, бір адам ауруханаға түскен.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров үйі өртенгендерге уақытша баспана берілетінін хабарлады.

«Өртенген үйдің тұрғындары №25 мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Төсек-орын, ас-су берілді. Тұрғындармен кездестім. Арнаулы комиссия құрылды. Үйі өртенгендерге уақытша баспана береміз», — деп жазды ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған