Четверг, 28 ноября, 2024

Петропавлда сепаратистік ұйымның үш белсендісі қамауға алынды — прокуратура

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша сот үш күдіктіні қамауға алды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үш айыпталушыға қатысты 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

Еске салайық, СҚО-дағы «Халық кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған