«1XBet» брендінің иесі ҚР Бас прокуроры Б.Асыловқа және ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Ж.Сүйінбайға брендтің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірген пікірін БАҚ-қа заңсыз жариялау туралы ашық үндеу жариялады. Мәселе жекелеген оқиғада ғана емес, ертең сөзге жақын тергеушілердің арқасында дәл осындай мазмұндағы антижарнамалар кез келген бизнеске кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл қаншалықты заңды әрекет?
1ХBet өкілдері «…2023 жылғы 24 сәуірде сағат 12:17-де «Tengri News» сайтында «Алматыда Грузиядан келген 24 адамнан тұратын алаяқтар тобы ұсталды» атты мақала жарық көрді.
«Осы үндеуді жазу кезінде бұл мақала 16 777 рет қаралған. Онда былай деп жазылған: «Сүйінбайдың айтуынша, Шымкент полицейлері интернет алаяқтық жасағаны үшін Тараз қаласының бір топ тұрғынын ұстаған. Аталған адамдар Health Time фармацевтикалық компанияның клиенттік базасын ұрлап, олардың клиенттеріне қоңырау шалып, автокөлік ұтқаны туралы хабарлаған. Азаматтарға «1ХBet» букмекерлік компаниясының шоттарына аударылған салықтарды төлеу ұсынылған. Қазіргі уақытта 20 жәбірленуші анықталды. Алаяқтардың басқа құрбандарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Барлық күдікті қамауға алынды».
Хат авторлары Бас прокурорға және ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының спикеріне («Тенгриньюс» порталы сілтеме жасайды), Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін көрсетеді.
«Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн», – делінген хатта.
«Компания «1XBET» бренді құқық иесінің келісімінсіз үшінші тұлғалар пайдалана алмайтын ресми тіркелген және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын тауар белгісі болып табылатынына сіздің назарыңызды аударады.
Демек компанияның брендіне сілтеме жасай отырып, жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу болып табылады. Сонымен қатар, компанияның пікірінше, мақала ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді, бұл қылмыстық жолмен алынған ақшаны алуда көрінеді, ол компанияның букмекерлік қызметтер нарығында және жалпы қоғамның қабылдауына кері әсер етеді», — деді 1XBet өкілдері.
Хат авторлары Берік Асыловтың ведомствосынан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталығына сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға прокуратураның ресми рұқсаты бар-жоғын айтуды сұрайды.
«Прокуратура органдары аталған рұқсатты берген жағдайда, үшінші тұлғалардың, бұл жағдайда компанияның заңды мүдделері ескерілді ме деген мәселеге жауап беруді сұраймыз», — дейді хат авторлары. Бұған қоса, олар Бас прокуратурадан өтінішін заңды және уақытылы қарау мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыруды сұрайды.
Кейде сөйлегеннен гөрі үндемеген дұрыс
Айта кетейік, кез келген жеке тұлға, соның ішінде алаяқтар да, өзінің қаражатын аударып, сосын оны шешіп алу үшін әртүрлі букмекерлік мекемелердің немесе казинолардың онлайн ойын шотын заңды түрде қолдана алады. Бұл үшін ЖСН және жеке куәлікпен тіркелу керек. Әрі міндетті түрде өзіңіздікі емес, кез келген дос-таныстың төлқұжаты жарай береді. Содан кейін алаяқтар белгілі бір соманы аталған ойын шотына қауіпсіз түрде салып, біраз уақыттан кейін шешіп алуына болады. Бұл ретте, ұту немесе ұтылу үшін міндетті түрде бәс тігудің қажеті жоқ, қаржы шотта белгілі бір уақытқа дейін тұрады. Мұндай манипуляция қылмыстық ортада із жасырудың танымал тәсілі болып табылады.
Дәл осылай таныстарыңызға банкке уақытша ақша салуды ұсына аласыз. Ең қызығы, егер қылмыстық ақша қандай да бір банкке салынса, Сүйінбай мырза осы банкті де «Тенгриньюс»-ке берген сұхбатында ашық айта ма?
Осы орайда, қисынды сұрақ туындайды: тергеу жүргізіліп жатқан қылмыс туралы полиция қызметкері қызметін қылмыскерлер пайдаланған ұйымның атауын не үшін айтады. ҚР кез келген кәмелетке толған азаматына шот ашу – кез келген лицензияланған қазақстандық букмекердің заңды және ресми қызметі емес пе?
Бұл ретте, қылмыскерлердің ақшасы дәл 1ХBet ойын шотына аударылғаны туралы хабарлама компанияның беделіне нұқсан келтіреді. Оқырман қылмыскер шотын пайдаланған ұйымның да осы іске қатысы бар деп ойлап қалуы мүмкін.
Шын мәнінде, заңгерлік білімі бар делінетін маман – ІІМ өкілінің өз сөзінде, қызметін қылмыскерлер пайдаланған 1XBet немесе кез келген басқа ұйымға сілтеме жасауы қызық.
Құқық қорғау органдары тарапынан заңмен қорғалатын ақпараттың тарауы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі кәсіпкерлік құқық қағидаттарына нұқсан келтіруі мүмкін. Атап айтқанда, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 80-бабында кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнесті адал, әдепті жүргізілуін ынталандыру Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылатыны айтылған.
Бұл жосықсыз бәсекелестіктің айқын белгісін туғызады, Кәсіпкерлік кодекстің 177-бабына сәйкес оларға мыналар жатады: кәсіпкерлік қызметте нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым ғұрыптарына, парасаттылық, зерделілік пен әділдік талаптарына қайшы келетін басқа да нарық субъектілерінің (тұлғалар тобының) кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған кез келген іс-әрекеттері нарықтың басқа субъектілеріне — бәсекелестерге зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін.
Заңға пысқырмай ма?
Бұл оқиға кез келген қазақстандық бизнеске қауіп туғызуы мүмкін. Күні ертең шенді полиция қызметкері қылмыстық жүкті әлдебір вагонмен жөнелткен көлік компаниясының атын жариялайды. Ал бүрсігүні қылмыс әлемінің серкесі ақша жинауға шешім қабылдаған кездегі мейрамхананың аты аталады. Я болмаса кез келген басқа кәсіпкерлік субъектісі. Осылай істеуге бола ма? Бұл кім көрінген сарып кететін жер ме? Қылмыстық-процестік кодекс бекер әзірленбеген шығар. Тергеу құпиясы мәселесі өте маңызды, бұл күдіктілер мен жәбірленушілерге ғана емес, көптеген субъектінің мүддесіне де қатысты.
Әлде біз полицияның әрекетіне баға беруде қателескен шығармыз? Бәлкім, Суйінбай мырза шынымен де ҚПК қатаң сақтап, өз сөзінде алаяқтар шотын пайдаланған букмекерлік кеңсені атамаған болар? Мүмкін бұл журналистердің лақ еткізіп айта салған ақпараты шығар? Қалай болғанда да ресми жауап күтеміз.
Олжабек Байқуатов