Вторник, 26 ноября, 2024

Полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері көпірден секіргісі келген қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

1 мамыр күні таңертең 102-ге көпірден Қаратал өзеніне секірмек болған жас әйел туралы хабарлама түскен.

«Құрамында Дамир Анаятов пен Ержан Жасұланұлы бар жақын маңдағы патрульдік бригада, сонымен қатар учаскелік инспектор Мұрат Сарыбаев жедел әрекет етті. Көпір маңында өтіп бара жатқан ер адам да тәртіп сақшыларына қызды көпір астынан алып шығуға көмектескен», — деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарылған қыз Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған медицина көмегі қажет болмады.

Қызды бекініске жеткізген полицейлер алдын ала әңгіме жүргізумен шектеліп, кейін туыстарына тапсырған. Қыздың мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған