Португалияда дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жаңа маусымның беташар жарысы Алмада қаласында 27-29 қаңтар күндері өтеді.
Аталмыш додада әлемнің 81 елінен 500-ден астам дзюдошы бақ сынайды деп жоспарланған.
Әлемдік турнирде Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды.
Ерлер:
60 келі: Қанат Сейілхан, Мағжан Шамшадин,
66 келі: Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан,
73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин,
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерден,
90 келі: Дидар Хамза, Ерасыл Жаңатаев,
-100 кг: Нұрлыхан Шархан,
+100 кг: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев.
Әйелдер:
48 келі: Ғалия Тынбаева, Әбиба Әбужақынова,
52 келі: Толғанай Әбеуова, Әйгерім Әбілқадірова,
57 келі: Дана Әбдірова, Севара Нишанбаева,
63 келі: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева,
70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова,
-78 кг: Аруна Жангельдина, Назерке Тілеуханова,
+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.