Понедельник, 25 ноября, 2024

Премьер-Министр: Асқар Забикулиннің ерлігі — ұрпаққа үлгі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада дүниеден өткен елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтамыз. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталады. Асқар Забикулиннің ерлігі — ұрпаққа үлгі», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған