Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», — делінген хабарлмада.
Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.