Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Президент мынадай Жарлықтарға қол қойды:
- «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»;
- «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы»;
- «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы»;
- «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы».