Пятница, 29 ноября, 2024

Президент CNPC компаниясының басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық және мұнай мен газды тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері талқыланды.

Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекеттерді нығайту жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту және басқа да мәселелер қарастырылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған