Четверг, 28 ноября, 2024

Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған