Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады.
Aqorda.resmi телеграм-каналы жазғандай, Мемлекет басшысы сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Одан кейін «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Президент 19 қаңтарда Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Сондай-ақ БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады,
ARDA-Aqparat