Понедельник, 25 ноября, 2024

Президент мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.

Аида Балаева  министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді.

Сондай-ақ креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған