Четверг, 28 ноября, 2024

Президент: Қоғамның қауіпсіздігін сақтау – мемлекеттің басты міндеті

Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заңбұзушылықтың алдын алуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қоғамның қауіпсіздігін және тұрақтылығын сақтау – мемлекеттің басты міндеті.

«Өркениетті елдердің бәрінде солай. Әкімдер – мемлекеттің жергілікті жердегі өкілі. Сондықтан бұл жұмысқа баса мән беру қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған