Вторник, 26 ноября, 2024

Президент Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды

Мемлекет басщысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!», деді ҚР Президенті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған