Ақтаудағы Есенов университетінің базасында Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Институтқа биылғы жаңа оқу жылынан бастап логистика және энергетика мамандықтары бойынша студенттер қабылданады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың электр энергетика саласын және баламалы энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ҚР жоғары оқу орындары арасына берілген тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Өңірде «Қазақ-неміс инжиниринг институты» құрылмақ. Бұл Yessenov университеті базасында жүзеге асады.
«2022 жылы білім, ғылым саласындағы білікті мамандарды даярлау бойынша қазан айында басталған процесс нәтижесінде немістің 7 университетімен консорциум құрылды. Негізгі мақсат Маңғыстау өңіріне қажет мамандарды Ақтау университетінің қабырғасында оқыту. Яғни, студенттер шетелге шықпай-ақ, халықаралық университеттердің ақтаулық филиалында білім алатын болады. Бұл өз кезегінде әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар легін қалыптастырады», — дейді Yessenov University президенті Берік Ахметов.
Институтта білім беру ағылшын, неміс тілдерінде жүзеге асырылады. Ал студенттер бакалавриат бойынша 8 мамандықты, магистратура бойынша 6 мамандықты оқи алады. Университетті бітірген түлектер қос дипломға және үш дипломға ие болады.
Ақтауға шетелдік университеттер филиалдарын әкелу өңір экономикасы үшін де тиімді болмақ.