Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарайды ARDA-AKPARAT.
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толу құрметіне қаулы етемін:
1. «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін», — делінген Прзидент қол қойған Жарлықта.
Құжатта көрсетілгендей, мерекелік медальді мына лауазымдағы тұлғалар Мемлекет басшысының атынан табыстауға құқылы:
— Ұлттық банк төрағасы;
— Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары;
— Ұлттық банк филиалдарының, Ұлттық банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің және Ұлттық банк ұйымдарының бірінші басшылары;
— Ұлттық банктің төрағасы айқындайтын уәкілетті тұлғалар.
«Мерекелік медальмен ҚР ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің және ҚР қаржы жүйесінің дамуына және нығаюына, ҚР мемлекеттілігінің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ҚР азаматтары және шетел азаматтары наградталады», — делінген құжатта.