Вторник, 26 ноября, 2024

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған