Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.
Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды», — деп жазылған ақпарат көзінде.