Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде осылай деді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ортақ мүддеге сай келетін ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын тоқтала отырып, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту қажет екенін алға тартты.
Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту қажет. Жеке адамдардың қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат іскерлік байланыс аясын кеңейтіп, туристер легін арттыруға ықпал етеді деп сенемін. Орталық Азия елдерінің мәдениеті – бай, көрікті жерлері де – көп. Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызықты болары анық. Осы орайда мен «Жібек жолы» туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады, — деді Тоқаев.