Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен қазақстандық бір топ журналист Президент сыйлықтарын және гранттарын иеленді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
-
«31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
-
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
-
«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
-
«Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
-
«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
-
«Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
-
«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
-
«Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
-
«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
-
«Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
-
«TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.