Среда, 27 ноября, 2024

Президенттің Атыраудағы резиденциясы балаларды сауықтыру орталығына айналады

Президенттің Атыраудағы резиденциясы балаларды сауықтыру орталығына айналады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Атыраудағы Перзидент резиденциясының ресми қонақтарды қабылдауға арналған үй атауы бар.

«Президент резиденциясының орнында балаларға арналған демалыс және сауықтыру орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының бес өңірдегі қонақтарға арналған нысандарды балалар қажеттілігіне беру тапсырмасына сәйкес қолға алынды. Осы тапсырма шеңберінде Атырау облысының мемлекеттік органдары балалардың қажеттіліктері үшін аталған нысанды барынша тиімді пайдалану мүмкіндігін зерделей бастады. Болашақта бұл демалыс және сауықтыру орталығына айналады. Нысанның нақты қай мақсатта пайдаланылатыны анықталғаннан кейін оны қайта жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары басталады», — деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президенттің бұрынғы резиденциясы Махамбет ауданындағы Аққайың ауылының аумағында орналасқан. Жайық өзенінің жағасындағы резиденцияға жақын маңнан «Атырау-Орал» тас жолы өтеді. Бұрынғы резиденция жанында шағын жағажай, үлкен алма бағы бар. Өзенге дейін асфальтталған жол төселген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған