Айыптаушы тарап Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп қана қоймай, онымен бірге сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Прокурор Айжан Аймағанова:
«Қ.С.Боранбаев 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 28-баптың 5-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 218-бап, 3-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 58 баптың 3-бөлігі бойынша неғұрлым жеңіл жазаны үлкенірек жазамен сіңіріп, ақырында Боранбаевты мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.