Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені өтемақы есебінде 300-350 млн еуроға сатуға дайын, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
The Telegraph мәлім еткеніндей, ойыншымен 2025 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Алайда франциялық шабуылшы кетемін деген жағдайда тиісті ұсыныс түссе, клуб оны сата алады. «ПСЖ» Мбаппені 300-350 млн еуроға бағалап отыр.
«Реал» кезінде бізге қарағанда, Килианға көп ақша ұсынған болатын. Бірақ ол бізді таңдады. Ең бастысы да сол еді. Осында ойнауға ұйғарса, мәселенің ақшада еместігін білдіреді», — деді «ПСЖ» өкілі.