Отандық продюсер Ерболат Беделхан «Айқап» бағдарламасында той үшін несие рәсімдеудің дұрыс емес екенін айтты, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Қай мемлекетте той деген ұғыммен несие береді? Қай мемлекеттен көрдіңдер? Бұл ұлттық проблема болып кетті. Көрдіңіз бе? Басқа бір мемлекетке айтсаң олар таңқалады. Қалай сонда? Сендер той үшін несие аласыңдар ма? Иә, біз сондай ұлтпыз. Ерекше ұлтпыз. Демек біздің ұлттық болмысымыз осы. Тойшыл халықпыз деген сөз. Біз оны баяғыда түсінер едік егер біздің көзіміз ашық болған кезде», — дейді Ерболат Беделхан
Одан бөлек продюсер сұхбатта қазіргі әншілердің той бизнес деп жүріп сапалы әуендерді ұмыт қалдырғанын да атап өтті.