Қала маңынан шыққан өрт салдарынан Астананы түтін қою басты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 09:12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшесіне құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Деректерге сүйенсек, Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртенген.
Өрттің аумағы 15 гектарды құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт әлі сөндірілмеді, — деп жауап берді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жеке құрамның 100 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 10 бірлігі, сондай-ақ қала әкімдігінің суару машинасының 8 бірлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою үстінде.