Блогер әрі тележүргізуші Диана Қырықбай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардан келген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
“Қалыңмалыңыз қанша?” деген оқырман сұрағына “білмеймін, 50 мың доллар шығар” деп ашық жауап берді.
.
Оқырмандардың бірі Диананың бай жігіт іздейтінін айтып, тұрмысқа шықпай жүргенінің себебін болжады. Бұл пікір де жауапсыз қалмады.
“Тым таяз ойлайсың, жігітім. Біздің жігіттердің ойынша, байға тию – өмірдің потологы. Мәселе сол байлықта болса ғой. Баяғыда тиіп кетер едім. Өкінішке орай, байлықтан да маңыздырақ дүниелер бар”, – деп жазды Диана.
Блогер биылғы жылғы жоспарларымен де бөлісті.
“Осы жылы көңіл көтеріп, кездесулерге шығып, барынша күліп, саяхаттаймын. Сондықтан, менімен бірге болыңыздар”, – делінген жазбада.
Оқырман тарапынан қойылған: “Неге модель немесе актриса болмадыңыз?” деген сұраққа, тележүргізуші: “Бойым 161 см. Модель болуға бойым жетпейді. Ал актрисалық карьера әлі алда деп ойлаймын. Жақсы рөл болса, неге жасамасқа?”, – деп әзілмен жауап берді.