Вторник, 26 ноября, 2024

Қан тапсырған азаматтарды марапаттайтын «Құрметті донор» атағы қайтарылады

Денсаулық сақтау министрлігі «Құрметті донор» төсбелгісін қайта бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Тиісті қаулы Ашық НҚА порталында жарияланды. Онда ведомство бұл төсбелгі донорларды ынталандыру үшін маңызды екенін атап өткен.

«Құрметті донор» төсбелгісімен Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі үшін, қан донациясын немесе тромбоциттерді кемінде 40 рет, плазма донациясын кемінде 70 рет өтеусіз негізде жүзеге асырғаны үшін марапатталады», — делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде «Құрметті донор» атағын алуға лайықт 210 мың қазақстандық бар.

«Біздің елімізде қауіпсіз қан донорлығының негізін құру үшін халықтың хабардарлығын арттыруды ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін үлгі көрсету маңызды. Сол себепті бірнеше рет қан тапсыратын донорлардың қолдаудың ұзақмерзімді тәсілі қажет. Қазіргі уақытта белгіленген өлшемдерге жеткен белсенді донорлардың жалпы саны – 210 адам, ал төсбелгіні алғандардың саны 30 %-дан аспайды. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты «Құрметті донор» атағын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», — деп министрлік қаулыға түсіндірме берген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған