Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT. Ақордаға сілтеме жасап.
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
— 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;
— 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;
— 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;
— 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
— 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
— 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;
— 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті;
— 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;
— 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;
— 2016-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрі;
— 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;
— 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды.
«Құрмет» (2005), «Парасат», «Барыс» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен марапатталған.