Четверг, 28 ноября, 2024

Қаңтар оқиғалары кезінде Алматы әуежайын басып алуға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты

Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, әуежайды басып алып, оның жұмысын тоқтатты, сондай-ақ ҰҚШҰ әскерлерінің келуіне тосқауыл болды деген айып тағылдв, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сонымен сот шешімі бойынша:
журналист Әйгерім Тілеужан — орта қауіпсіздік мекемесінде төрт жылға бас бостандығынан айырылды;
белсенді Қалас Нұрпейісов — орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;
Нұрлан Далибаев – орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;
Ермұхамет Шілібаев — орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;
Жанайдар Кәрменов — орта қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов әуежай аумағында көпшілікті тәртіпсіздікке үгіттеген, ал қалған айыпталушылар ғимаратқа шабуыл жасап, көліктерді ұрлап кеткен. Алайда сотталушылар өз кінәсін мойындамады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған