Пятница, 29 ноября, 2024

Қаңтар оқиғасы: Рақымшылыққа іліккен 31 адам түрмеден босап шықты

Қаңтар оқиғасына қатысқан 1 089 адам рақымшылыққа ілікті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Осы жылдың 3 қарашасында Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты «Рақымшылық туралы» ҚР Заңының ережелері күшіне енді. Қазіргі уақытта рақымшылық 1 089 тұлғаға қатысты қолданылды. Оның ішінде орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған 8 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау тергеу сатысында тұр. Соттар 9 тұлғаға қатысты қылмыстық істі тоқтатып, 981 сотталушының жаза мерзімін қысқартты. Заң қолданысқа енген сәттен бері түрмеден рақымшылық актісін қолдану арқылы 31 тұлға босап шықты», — делінген Бас прокуратураның ҚазАқпарат сауалына берген жауабында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған