Қарағандыда қала ішінде қатынайтын автобустарда қазақ тілін үйренуге арналған видеолар көрсетіле басатады. Идея авторларының айтуынша, аталған бейнероликтер халықтың қызығушылығын тудырып қана қоймай, олардың тіл үйрену мүмкіндіктерін де арттырады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бейнероликтерді әзірлеген орталық басқа да жобаларды қарастыруда. Алдағы уақытта «Сары-Арқа» қалалық әуежайында, сондай-ақ теміржол және автовокзалда осы іспеттес бейнероликтер көрсетілуі мүмкін. Мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған видеолар әсіресе адамдар көптеп шоғырланатын жерлерде көрсетілмек.