Қарағанды облысында 150-ге жуық елдімекен мен 100-ге жуық автомобиль жолын су басуы ықтимал, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл аумақтарды қазір төтенше жағдай қызметі бақылауда ұстап отыр. Наурыз айында жағдай ушығуы мүмкін, сондықтан, тасқынның алдын алу шаралары әлсін-әлсін пысықталуда, деп жазады qazaqstan.tv.
Тағы бір мәселе, облыстағы өзендердің кейбірі арнасынан асып тұр. Жыл сайын жағадағы елдімекендерді шайып өтетін Нұра өзенінде су көлемі биыл нормадан 1,5 есеге көп.