Четверг, 28 ноября, 2024

Қарағанды облысында аудандық мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша “Amanat” партиясы филиалының төрағасы Анара Бозаева басқарған жол талғамайтын көлігі екі жасөспірім мен сиырлар табынына соғылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Жол-көлік апаты 2 шілдеде Тасшоқы ауылының маңындағы Ботақара – Доскей автожолында орын алды. Nissan көлігін 33 жастағы әйел, аудандық мәслихаттың қызметкері (Бұқар Жырау- автор) басқарған», – деп хабарлады аймақ полицейлері дүйсенбіде.

Әйел жолдан өтіп бара жатқан сиыр табынына соғылғаннан кейін, көлік руліне ие бола алмай, мотоциклмен келе жатқан сегіз және 16 жастағы екі жасөспірімді қағып кеткен.

Жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған