Среда, 27 ноября, 2024

Қарағанды облысында дәрігерлердің үстеме ақысын алып қойған аурухана директоры сотталды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы орталық ауруханасының директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта оның қоластындағылардан ковид кезіндегі үстеме ақының бір бөлігін алдап алғаны анықталды, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Дәрігерге қатысты қылмыстық іс Бұқар жырау аудандық сотында қаралған.

«Аурухана директоры алаяқтық жасады деп айыпталды. Ол аурухана қызметкерлерінен алаяқтық жолмен ковид кезіндегі үстеме ақысын алып қойған. Басшы 2,2 миллион теңге жинады», — деді Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі өкілі.

Сот үкімімен аудандық аурухана директорына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған