Вторник, 26 ноября, 2024

Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 20 адам құтқарылды

Қарағанды облысында 20 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, 12 қаңтарда Осакаров ауданында Қызылорда – Павлодар автожолының жабық учаскесінде ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күштерімен 5 техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар.

Құтқарылғандар Родниковское ауылына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланған:

елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға;
жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының кептелісін жасамауға;
мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болуға кеңес береміз.
Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дәрмен» мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған