Четверг, 28 ноября, 2024

Қарағанды облысында құс фабрикасының қызметкерлері 6 мың жұмыртқа ұрлаған

Қарағанды облысында құс фабрикасының қызметкерлері 6 мың жұмыртқа ұрлап, 312 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына ауданға қарасты құс фабрикасынан 6 мың жұмыртқа ұрланғаны туралы ақпарат түсті. Келтірілген шығын көлемі 312 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында 23, 40 және 58 жас аралығындағы үш азаматты ұстады. Оның біріншісі құс фабрикасының жұмыскері болса, қалған екеуі сол жерде күзетші болып жұмыс істеген. Олар өзара сөз байласу арқылы ұрлық жасағандарын мойындады. Жұмыскерлер жұмыртқаны қол сөмкеге салып, өткізу пункті арқылы өткізген, ал күзетшілер оны көрмеген болып, кейін өзара бөлісіп отырған. Осылайша олар бір ай ішінде 6 мың жұмыртқаны қолды қылған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған