Четверг, 28 ноября, 2024

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Дерекке сүйенсек, оқиға кеше кешкі сағат 18:15 шамасында “Алматы — Екатеринбург” республикалық тас жолында болған. Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей “тойота камри” және “ниссан” маркалі көліктері соғылған.

Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Оның ішінде екі көліктің де жүргізушісі бар.

Сонымен қатар кәмелет жасына толмаған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Осы қайғылы жағдайға байланысты Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрап отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған