Четверг, 28 ноября, 2024

Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлаған шетел азаматы ұсталды

Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.

Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған