Вторник, 26 ноября, 2024

Қарағандыда 8 жастағы қыз шаштараздар байқауында жеңімпаз атанды

Қарағандыда 3-сынып оқушысы Альмира Қабденова «Әдемілік әлемі» шаштараз байқауында ең жас жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

25 минутта Альмира Қабденова қазылар алқасы мінсіз деп таныған шаш үлгісін жасап шыққан.

Ата-анасының айтуынша, қыздың шаштаразға деген қабілеті бір жыл бұрын пайда болған. Қуыршақтарға күрделі шаш үлгілерін жасып жүргенін көрген ата-ана қызын Оқушылар сарайына апарған. Аз уақыттың ішінде Альмира сұлулық студиясының үздік студенттерінің біріне айналды. «Өскенде жеке сән үйімді ашамын», — дейді кішкентай шаштараз.

Жаңа стилистер байқауға дайындалып, жүлделі орындарға ие болған. 8 жасар Альмираның «Жас шаштараз» сертификаты бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған