Қарағанды қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жіберді. Жартылай жығыла баспалдақпен төмен жүгірген ер адам, еденге құлағанда есінен танып қалған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оқиға қаладағы «Сити Мол» сауда үйінде болған.
Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері жүйке жүйесінде ақауы бар 31 жастағы тұрғынды анықтап, оны психоневрологиялық диспансерге орналастырды, — делінген полиция хабарламасында.