Четверг, 28 ноября, 2024

Қаржы министрі мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қанша сомасы игерілмегенін айтты

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығыстары туралы айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,9%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 109 млрд теңгені құрады, оның ішінде 21 млрд теңге — үнемдеу. Игерілмегені — 88 млрд теңге. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», — деді ол.

Сондай-ақ, министр жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,4 трлн теңгені құрағанын айтты.

«Атқарылмағаны — 47 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 641 млрд теңге бөлінген. Оның 97,8%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге. Ең көп игерілмеу: Астана қаласында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында қалыптасты», — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған