Вторник, 26 ноября, 2024

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы үш жылдан кейін Грузияда ұсталды

Қаржы пирамидасын құрып, халықтың 3,6 млрд теңгесін қалтасына басқан Қазақстан азаматы үш жыл іздестіру жұмыстарынан кейін Грузияда ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлайды.

«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады. Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», — делінген мәліметте. Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған