Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медицианлық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық колиция құруды ұсынды.
Астанадағы Конгресс орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы өз сөзінде конференцияға қатысушы жастардан нақты ұсыныстар күтетінін айтты.
«Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент атап көрсеткендей, коалицияның негізгі міндеті — денсаулық сақтау саласындағы алдын алу қағидасын әрмен қарай ілгерілету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау.
«Мен бүгін жас делегаттардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек саясаты мен тәжірибесі туралы қорытынды мәлімдемесін асыға күтемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ARDA-Aqparat