Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті», — делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.